ФИФА 2022 жылғы әлем чемпионатын
Катарда өткізбеуі мүмкін. Қазір ұйым жаһандық футбол додасын қабылдауға қауқарлы үміткер елдерді қарастыру үшін жабық кездесу өткізіп жатыр. Егер лайықты мемлекетті тапса, ауыстыруға да әзір. Бұл туралы "TNT Sports" басылымы хабарлайды. Оған қоса, әлі мундиальға дейін 3 жыл бар. ФИФА бұл аралықта лайықты мемлекетті табуға болатынына да есепке алып отыр. Өйткені, соңғы күндері УЕФА-ның бұрынғы президенті болған
Мишель Платини жемқорлыққа қатысы бер деген күдікпен қамауға алынған-ды. Алайда, артынша босатылды. Айта кетейік, Катардың 2022 жылы әлем чемпионатын қабылдайтыны дәл Мишель Платини басшылық еткен кезде бекітілген. Дәлірек айтсақ, Цюрихте 2010 жылдың 2 желтоқсан күні.
Естеріңізге сала кетейік, сол кезде Катардан өзге тізімде Оңтүстік Корея, АҚШ және Австралия болған еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.