ФИФА келесі мундиальдің өткізілетін уақытын бекітті.
2022 жылғы Катарда өтетін Әлем чемпионаты қысқы мезгілде өткізілетін болып шешілді. Катарда спорт жарыстарын жазғы мезгілде өткізуге ауа райының қолайсыздығы мүмкіндік бермейтіндіктен, ФИФА келесі мундиальді 18 қараша мен 19 желтоқсан аралығында өткізеді,-деген ақпаратты "football.ua" сайты ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасай отырып жариялады.
Осыған орай, Катардағы футболдан өтетін әлем чемпионаты тарихқа алғашқы қысқы мундиаль болып енетін болады.