Жарнама
Жарнама

«Эвертон» қаңтарда ПСЖ-ға жалға берілген шабуылшысын қайтарып алғысы келеді

10.11.2020, 02:27
Кин ПСЖ-ның негізгі шабуылшысына айналып үлгерді.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жермен" клубына жалға берілген "Эвертонның" шабуылшысы Мойзе Кин осы қыста Тұманды Альбионға қайта оралуы мүмкін.

The Athletic-тің хабарлауынша, шабуылшы жалдау шарты бойынша ПСЖ-да толық маусымды өткізуі керек. Бірақ Карло Анчелотти шабуылдағы бәсекелестікті арттыру үшін қаңтар айында форвардты қайтарып алғысы келеді.

Қазіргі уақытта Доминик Калверт-Льюин "Эвертонның" барлық дерлік матчтарында орталық шабуылшы ретінде ойнап жатыр. 23 жастағы шабуылшы 8 матчта 8 гол соқты. Алайда күнтізбенің тығыздығы және мүмкін болатын жарақаттарға байланысты Доминиктің орнын басатын ойыншы керек.

Егер "Эвертон" қаңтар айында Кинді қайтарып алса, команда қазіргі Франция чемпионына 2 миллион еуро көлемінде айыппұл төлейді. Кин осы маусымда Франция чемпионатында 4 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров