Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасының ойынында жанкүйер төрешінің басын жарды

11.08.2018, 15:24
Жарнама
Жарнама
Еуропа Лигасында іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы бірінші кездесуінде австриялық «Штурм» және кипрлық «АЕК» арсындағы кездесуде төрешінің басы жарылды, - деп хабарлайды Prosportskz Ойын 78-ші минутта тоқтатылды, себебі бас төрешінің қапталдағы көмекшісі Фредрик Клювердің басы жарылды. Жанкүйер оған қарай шыны бокал лақтырған. Қос командада трибуна астындағы ғимаратқа кірді. Кейінірек УЕФА өккілдері ойынды қайта жалғастыру керектігін айтты. Клюверге қажетті медициналық көмек көрсетілді. 40 минут үзілістен соң Клювердің орнына төртінші рефери шықты. «Еуропа Лигасындағы бүгінгі ойындағы жанкүйерлердің мынадай әрекеті футбол атаулының беделін түсіреді. Футбол деген мереке, әдемі де тартысты ойын болуы тиіс. Бокал лақтырған фанат ұсталды. Оған шара қолданылады. Біздің клуб лайнсменнің тезірек сауығып кетуіне тілектес» , - делінген австриялық клуб өкілдерінің хабарламасында.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров