Алматының "Қайрат" ФК мен Қостанайдың "Тобыл" ФК Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу кезеңіне жолдама алса, Павлодардың "Ертіс" ФК келесі кезеңге өте алмады.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, қазақстандық клубтардың осы маусымдағы Еуропа Лигасындағы қазіргі уақытқа дейінгі табыстары төмендегідей:
"Қайрат" пен "Тобылға" 500 мың еуро (240 мың - бірінші іріктеу кезеңіне қатысқандары үшін, 260 мың еуро - екінші кезеңге өткендері үшін) УЕФА тарапынан тиесілі болса, "Ертіске" 240 мың еуро бірінші іріктеу кезеңі үшін төленетін болады.