Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасы: "Тобыл", "Ордабасы" мен "Қайраттың" қарсыласы анықталды

19.06.2019, 01:31
Жарнама
Жарнама
Санаулы минуттар бұрын ғана Ньон қаласында Еуропа лигасның іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың қарсыласы анықталды. Айт кетейік, ел намысын қорғайтын 3 клубымыз да еленген командалар санатына түсті. Соқыр жеребе қорытындысы бойынша, "Тобыл" Люксембургтің "Женесс" командасымен, "Қайрат" Боснияның "Широки Бриег" ұжымымен, ал "Ордабасы" болса Грузияның Кутаиси қаласындағы "Торпедо" клубымен келесі кезең жолдамасына таласады. Алғашқы ойынды командаларымыз 11 шілдеде, ал жауап матчын 18 күні өткізеді. "Қайрат" пен "Тобыл" бірінші ойынды түзде өткізсе, "Ордабасы" өз алаңында Грузия клубын қабылдамақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров