Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасы: "Астана" - "БАТЭ-ні" ірі есеппен ұтты

23.08.2019, 02:52
Жарнама
Жарнама

"Астана" - "БАТЭ" 3:0.

Гол авторлары: М. Томасов, 23 мин, Ю. Логвиненко, 44 мин, Р. Сигурьонссон, 52 мин.

Ел чемпионы "Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында "БАТЭ-мен" болған алғашқы матчта 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта кездесу араға апта салып Борисов қаласында өтпек.

Ойын алма кезек шабуылмен басталды. Ал 23 минутта Марин Томасов 3 қорғаушыны қапы қалдырып допты тоғыздыққа топ еткізді. Осыдан соң ойын қарқыны аздап саябырсып қалған-ды. Бірінші тайм түгесілер тұста тағы сол оң қапталдан Антонио Рукавина əуелете берген пастан соң Юрий Логвиненко есепті 2:0-ге жеткізді. Оның баспен бағыттаған соққысын қақпашы қайтара алған жоқ.

Ал екінші таймда 52 минутта Рунар Мар Сигурьонссон пенельтиді сəтті орындап үшінші голды салды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров