Жарнама
Жарнама

Еуро-2020 қарсаңында: Солтүстік Македония құрамасына шолу

30.05.2021, 00:50
Ұлттар Лигасына рахмет айтатын құрамалардың бірі.
Жарнама
Жарнама

Солтүстік Македония құрамасы. Өз елдерінің футбол тарихында ең алғашқы үлкен доп додасына жолдама алып отыр.

Бұл құрама Ұлттар Лигасының құрылғанына рахмет айтуы керек құрамалардың бірі. Олай дейтініміз, осы бір лиганың арқасында қосымша берілетін жолдамаға иелік етті. Олар Д лигасында өз тобында көш бастады. Тиісінше Д лигасындағы тағы бір топтың жеңімпазы Грузия құрамасымен болған матчта жеңіске жетіп, қосымша жолдаманы ұтып алып, өз футбол тарихтарына жаңа беттер қосты. Грузия құрамасының Д лигасында Қазақстан құрамасымен бір топта болғаны сіз бен бізге жақсы таныс.

1993 жылы құрама алғашқы матчтарын өткізіп, Словенияны 4-1 есебімен тізе бүктірді.

1996 жылы ең ірі жеңіске қол жеткізді. Лихтенштейн - Солтүстік Македония арасындағы матч 1-11 есебімен аяқталды.

Бұл құраманың ең ірі жеңілістері бес доп айырмасымен тіркеліп отырды. Солтүстік Македония Бельгияға, немістерге, чехтарға, венгрлерден осындай доп айырмасымен жеңіліп қалды.

Солтүстік Македонияның ең үздік сұрмергені де, ең көп ойын өткізген ойыншы да Горан Пандев. Ол 117 ойында қарсыластарын 37 мәрте қақпаларынан доп алып шығуға мәжбүрледі.

Z


Еуро-2020 Игорь Ангеловскийдің баптауымен баратын болады.

9k=


Солтүстік Македония Голландия, Австрия, Украина секілді құрамалармен С тобында бақ сынайды.

Серікбол Нақысбек

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров