Еуро-2020 турниріне қатысатын құрамалардың барлығының жер көлемі сыйып кететін бұл алпауыт елдің, КСРО тарағаннан кейінгі футболы жақсы прогресс жасай білді.
Ресей құрамасы болғалы өздерінің алғашқы ойындарын 1992 жылы Мексикаға қарсы өткізіп 2-0 есебімен жеңді. 2004 жылы өздерінің тарихында ең ірі жеңіліске ұшырады. Қазіргі Еуропа чемпиондарынан 1-7 есебімен оңбай ұтылды. Ал, 2019 жылы Сан-Марино құрамасына жауапсыз 9 гол соғып, ойсырата ұтты.
Бұл құрама әлемдік ала доп бәсекесіне 4 мәрте қатысты. Жоғарғы көрсеткіштері соңғысында тіркелді. Өз жерінде өткен чемпионатта 1/4 финалға дейін барып, сүрінді. Ресей үшін бұл үлкен жетістік болды. Еуропа бәсекелеріне 6 мәрте қатысып, оның біреуінде жартылай финалға жетіп жығылды. Ол 2008 жыл еді.
Сергей Игнашевич. Ресей құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншы. Ол 126 матч бойы құрама намысын қорғады.
Қарсыластар қақпасын 30 мәрте дәл көздеген Александр Кержаков үздік сұрмергендері болып табылады.
Осы бір ойыншыны қазір Артём Дзюбаның қуып жетуге мүмкіндігі бар. Оның еншісінде 29 гол бар.
Ресей Еуро-2020 додасының іріктеу кезеңінде Бельгия, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино елдерімен сынға түсті. Еш қиындықсыз еуропаның 11 қаласында өтетін басты бәсекеге жолдаманы қанжығалады. Олар 10 ойында тек Бельгияға екі ойында есе жіберіп, қалған 8 матчтарын жеңді.
Бұл құраманы 2016 жылдан бері ресейлік маман Станислав Черчесов баптайды. Бұл Ресей құрамасының 13-ші жаттықтырушысы.
11 маусым шымылдығын түретін бәсекеде ресейлік ойыншылар В тобында Бельгия, Дания, Финляндия елдерінің аяқдопшыларымен сынға түседі.
Біздің серіктес: FONBET