Дания. Еуропа құрлығындағы мықты ұжымдардың бірі. 1908 жылы өздерінің ең алғашқы ойындарын өткізіп, футбол аренасына шыға бастады. Алғашқы матчтарында сол жылы 19 қазанда қазіргі әлем чемпиондарын жауапсыз 9 гол айырмасымен жеңген. Арада үш күн өткенде осы құраманы, яғни, француздарды 17-1 есебімен жеңіп, тарихтарына ең ірі жеңісті есепті тіркеді. Бұл құраманың ойсырай жеңілгені 1937 жылы Германиямен өткен ойын еді. Есеп 0-8, немістердің пайдасына.
Дания құрамасының әлем чемпионатындағы аяқ алыстары керемет деуге келмейді. Олар әлемдік додада өз бақтарын 5 мәрте сынады. Ең жоғары шыққан сатысы, 1998 жылы 1/4 финал болды. Ал, еуропалық елдер арасында бір мәрте чемпион болып үлгерді. Ол 1992 жылғы Швеция төрінде өткен турнир болатын. Бұдан басқа жетістіктері: 1984 жылғы Еуропа чемпионатының қоласы, 1995 жылы Конфедерациялар кубогінің алтын медалі, 1908, 1912, 1960 жылдары олимпиаданың екінші орын жүлдесі мен 1948 жылғы қоласы қоржындарында.
1987-2001 жж. Бұл қақпашы Петер Шмейхельдің өнер көрсеткен жылдары. Осы уақыт ішінде құрама үшін 129 ойынға қатысып, ең көп ойын өткізген ойыншы ретінде тіркелді.
52 гол. Екі ойыншы. Иә, бұл құраманың сұрмергені екеу. Олар: Поуль Нильсен және Йон-Даль Томассон. Бірақ, біріншісіне осынша голды соғу үшін 38 ойын жеткілікті болған болса, Йон-Даль Томассон 112 ойында ғана соға алды.
(Поуль Нильссен)
(Йон-Даль Томассон)
Даттардың ФИФА-ның қазіргі уақыттағы тізімінде 10 тұғырға жайғасқанына қарап, кез-келген команданы ұтуға қауқары жететінін түсіну қиын емес.
Бұл ұжымда да сайдың серке тасындай жігіттержиналған. Ал, Еуро-2020 додасына бапкер Каспер Хьюлманд алып келеді.
Швейцария, Гибралтар, Грузия, Ирландия секілді ұжымдармен іріктеу сынында бақ сынап, топтан екінші орынмен шықты. Дегенмен, Дания құрамасы кез-келген командамен ойнауға әлеуеті жететін құрама. Турнирдің ақтық кезеңінде Бельгия, Ресей, Финляндиялармен В тобына түсті.
Біздің серіктес: FONBET