Жарнама
Жарнама

«Ертістің» мақсаты. Қазақстан құрамасының ойыншысы павлодарлық клубқа ауыспақ

Бүгін, 09:14

Біздегі инсайдтық ақпарат бойынша, Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Матвей Герасимов «Ертіс» сапын толықтырмақ.

Матвей Герасимов
Жарнама
Жарнама

24-жастағы ойыншының бұрынғы клубы Беларусь командасы «Арсенал». Матвей дзержинскілік клуб сапында Бірінші лига аясындағы 23 матчта 13 рет мергендік танытып, 4 ассист берген. Герасимовтың беларусьтің Жоғары лигасында да тәжірибесі бар - «Ислочь» жейдесінде доп тепкен. Жалпы, Жоғары лигада 15 ойында алаңға шықты. 

Қарағандылық «Шахтердің» түлегі бұдан бөлек украинаның «Металл» және «Металлист» клубтарында өнер көрсетті. Transfermarkt.com ақпаратына сәйкес, шабуылшының нарықтық бағасы 50 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров