![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/07/Trakai.gif)
Уэльстің "Сефн Друидсын" екі кездесудің нәтижесінде өткен Литваның "Тракай" футбол клубы Павлодардың "Ертісінің" Еуропа Лигасындағы қарсыласы болып анықталды. Литвадағы матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бірінші кездесуде қарсыластар 1:1 есебімен тарқасқан болатын.
Еуропа Лигасының іріктеу раундындағы алғашқы ойын павлодарлықтар үшін қонақта 12 шілде күні, қарымта кездесу 19 шілде күні өтеді.