"Ертіс" ФК Еуропа Лигасының "Тракай" командасына қарсы өткізген ойындағы жанкүйерлердің қолдауына алғыстарын жеткізді.
"Ертіс"-"Тракай" матчындағы тамаша қолдауларыңыз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз, құрметті біздің жанкүйерлеріміз. Рахмет, ынтымаққа ұйыған ақшыл-көк жанұямыз!"-деген жазба қалдырылған.
"Ертіс" командасы Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы кездесуде "Тракай" командасына 0:1 есебімен жеңіліп, еурокубоктегі ойындарын аяқтаған болатын.