«Ертіс» сырт алаңда «Ордабасыдан» басым түсті (ВИДЕО)
23.09.2018, 16:08
Жарнама
Жарнама
Қазақстан премьер-лигасының 27 туры аясында Шымкентте «Ордабасы» мен «Ертіс» кездесті.
Премьер-лиганың соңында қалып қойған «Ертістің» жеңіске жетпегеніне көп болған еді. Қонақтар қарымта шабуылдарды тиімді пайдаланып, 2:0 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты. «Ертіс» сапынан Уго Секу (36-минутта) мен Павел Шабалин (81-минутта) көзге түсті.
«Ордабасы» сапынан Лук Муженяк қызыл қағаз алып, алаң иелері 55-минуттан бастап 10 футболшымен ойнады.
Осылайша, «Ертіс» 12 матчқа созылған жеңіліссіз серияны бұзды. Оның 10-матчында команда ұтылып қалған. Әлі де 23 ұпаймен соңында келеді. «Ордабасыда» 34 ұпай бар.
https://youtu.be/iV41z5dHKY4