Жарнама
Жарнама

"Ертіс" Латвия құрамасының қорғаушысымен қош айтысты

17.08.2019, 02:30
Жарнама
Жарнама

"Ертіс" сапына осы жылдың басында ғана қосылған 28 жастағы Латвия құрамасының қорғаушысы санаулы сəттер бұрын ғана "Александрия" ойыншысы атанды. Украин клубының ресми сайты хабарлағандай Каспар Дубра жаңа ұжымда 90 номермен алаңға шығады. Каспар "Ертіс" жейдесінде бас-аяғы 12 ойынға қатысып, гол соға алмаған.

Осы орайда бір қызықты деректі тілге тиек етсек, Каспар 2007 жылы "Сконто" қатарында тер төккен екен. Ал сол кезде бұл клубты "Астананың" спорттық директоры болған Пол Эшуорт баптапты.

Естеріңізге сала кетейік, Дубра бұған дейін Латвия мен Белорусь чемпионаттарына топ жарған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров