"Боруссия Дортмунд" шабуылшысы Эрлинг Холанд Бундеслига тарихында 2 ойында 5 гол тоғытқан тұңғыш футболшы атанды. Ол Германия чемпионатының 19-турында «Кёльн» қақпасына дубль жасады. Бір қызығы Холандқа екі гол салу үшін небәрі 10 минут қана жеткілікті болды.
Естеріңізге сала кетейік, 18-турда "Аусбургпен" болған алғашқы матчында Холанд хет-трик жасаған еді. Жалпы Холанд екі ойында 56 минут ойнап, 5 голдың авторы атанып отыр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET