«Зальцбург» шабуылшысы Эрлинг Холанд әкесі Альф-Ингемен бірге Манчестер қаласына келді деп хабарлайды Aftenbladet.
Енді норвегиялық футболшы мен «Манчестер Юнайтед» басшылары алдағы келісім-шарт туралы келісімге келмек.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада "қызыл сойқандардың" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер Холандпен келіссөзді ілгерілету үшін арнайы Зальцбург қаласына барған еді. Сульшер «Мольде» командасында Холандты да баптаған болатын. Сол кезде шабуылшы үлкен футболдағы алғашқы кездесуін өткізген.
«МЮ»-ден бөлек, 19 жастағы футболшыны сатып алудан «Милан», «Боруссия», «РБ Лейпциг» командалары үмітті.
Биылғы маусымда норвегиялық футболшы 22 ойында 28 гол салып, 7 нәтижелі пас беріп үлгерді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET