Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Сейдахмет: Шабуылшыларымыздың бірі дубль жасайтын шығар

09.09.2018, 19:27
Жарнама
Жарнама
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Андоррамен болатын ойынның алдында өз ойымен бөлісті. - Еркебұлан, Грузиямен өткен ойында алаңға соңғы минуттарда ғана шықтың? Жарақатыңнан толық айықпадың ба? - Жоқ, қазір жарақатымнан толық айықтым. Футбол ойнауыма ештеңе кедергі емес. Ал Грузиямен өткен ойында бапкерлер соңғы минуттарда шығарды. Егер бапкерлер солай шешсе, демек ол солай болуы керек болғаны да. Мен сол шешімнің дұрыс болғанына еш күмәнданбаймын. 5-6 минут ойнасам да өзімнің алғашқы ресми ойынымда, атмосфераны сезініп үлгердім. «Астана Аренада» құрама сапында бірінші мәрте алаңға шықтым. Қатты қобалжыған жоқпын, дегенмен алғашқы ойынымды өткізгеніме қуаныштымын. - Андорра құрамасы жайлы қандай ойдасың? - Бапкерлер теория жүзінде бізге барлығын көрсетіп берді. Қарсыласымыздың қорғанысы мен шабуылы қалай жұмыс істейтінін біліп алдық. Енді, алдағы ойында жеңіске жетуіміз керек? - Еркебұлан Қазақстан құрамасының ойындарын қашан көре бастап едің? Алғаш көрген матчың есіңде ме? - Шынымды айтсам есімде жоқ. Мен көре бастаған кезде алаңда Исламхан, Шомко секілді футболшылар өнер көрсететін. Мен қазір сол кісілермен бір құрамада ойнап жүрмін. Демек, бұл менің футболшы ретінде дамып келе жатқанымның бір көрінісі шығар. - Қазақстан Андорраны екі рет жеңген. Сол кезде Остапенко мен Хижниченколар дубьл авторлары атанған. Осы ойында 2 гол соғатын футболшы бола ма? - Иә, неге соқпасқа? Бұл рәсімді жалғастырып, жеңіске жетсек дейміз. Ал құрамадағы шабуылшылардың бірі дубль жасауы әбден мүмкін.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Андорра

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров