Жарнама
Жарнама

Эредивизиядан - Ла Лигаға екінші де Йонг келді

02.07.2019, 20:22
Жарнама
Жарнама
Алдағы маусымда ағалы-інілі де Йонгтардың үлкені Ла Лигада доп тебеді.  Естеріңізге сала кетейік, көктемде "Барселона" Голландия футболының болашағына бағаланатын "Аякс" жартылай қорғаушысы Френки де Йонгты 75 млн. еуроға сатып алған болатын. Ал Френкиден бөлек Голландия біріншілігінде тағы бір де Йонг бар. Енді Нидерланды құрамасы мен  "ПСВ" шабуылшысы Люк де Йонг та Испанияға қоныс аударды. "Севилья" жуырда ғана қош айтысқан Квинсес Проместің орнына 28 жастағы шабуылшыны сатып алды. Екі жақты келісім 2023 жылға дейін жарамды. Өткен маусымда Люк "ПСВ" сапында 34 матчқа қатысып 27 гол соққан жəне 10 нəтижелі пас берген. "ПСВ" үшін 2014 жылдан бері тер төккен. Одан бұрын "Твенте", "Боруссия" Мюнхенгладбах, "Ньюкасл" командаларында өнер көрсеткен-ді. Айта кетейік, Люктің інісі Сэм де Йонг та футболшы. Қазір ол Австралияның "Сидней" командасы сапында ойнайды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров