Келесі маусымда семейлік клуб намысын Фессу Плакка қорғамақ.
30-жастағы шабуылшы осыған дейін Оңтүстік Корея чемпионатында доп тепкен. Футболшы онда «Чоннам Дрэгонс» клубының жейдесіндегі 15 матчта 6 гол соғып, 2 ассист берген. Бұдан бөлек швейцариялық «Серветт», бельгиялық «Беерсхот», «Льерс», беларусьтік «Шахтер» намысын да қорғаған болатын. Фессу Плакка Того ұлттық құрама командасының жейдесінде 33 ойында өнер көрсетіп, 9 рет мергендік танытқан. Футболшының нарықтық құны 375 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET