Грузия ұлттық құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе "Қайсардан" не үшін мерзімінен бұрын кетіп қалғанын түсіндірді, қазақстандық клубтардың ұсынысы туралы айтты, сонымен қатар Қазақстандағы қаржылық жағдайды Еуропамен салыстырды.
- "Қайсардан" не үшін кетіп қалдың?
- Бастапқыда клубтар 1 қарашаға дейін келісімшартқа отырған. Дәл осындай жағдай "Қайсарда" да болды. Чемпионат бірнеше рет тоқтатылады деп ешкім болжай алмады. Халықаралық үзілістен кейін мен "Қайсарға" келісімшарт мерзімі аяқталғандықтан ғана қайтып оралмадым, сонымен қатар менің визам да аяқталды. Келісімшарт болмағандықтан, маған бұл айда бонустардан басқа ешқандай жалақы төлемейтін еді. Бірақ егер де мен клубта қалып, жарақат алсам, онда мен ең көп дегенде 100 доллар талап етемін, бұл ережеде қарастырылған. Клубта қалудың еш пайдасын көрмедім
- Сіз маусымды жақсы өткіздіңіз. Сізде қандай да бір ұсыныстар бар ма?
- Біз бірнеше клубтармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мен келесі маусымда қайда болатынымды, қай командада ойнайтынымды білмеймін.
- Сіз ойын уақыты бойынша чемпионаттағы үздік алты ойыншының қатарына кірдіңіз, сонымен қатар Премьер-Лиганың сұрмергендер тізімінде үшінші орынға тұрақтадыңыз. Бұл көрсеткіштер сізге жаңа клуб табуға көмектесе ме?
- Бұл мен ойлағаннан да жақсы маусым болды. Мұны маусымның символикалық құрамына енгенімнен-ақ байқауға болады. Бірақ маусым одан да жақсы болуы мүмкін еді деп ойлаймын.
- Мысалы...
- Пандемияға байланысты маусым үш рет тоқтатылды және бұл әрқайсымызға әсер етті. Мен соңғы турларда ойнаған жоқпын, сондықтан статистиканы жақсарта алмадым. Менің "Ертіс" қақпасына соққан голымның жойылғаны өкінішті. Чемпионаттағы ең үздік бомбардирлер тізімінде бұдан да жоғары орынға ие болар едім.
- Осындай жағдайда сіз өз формаңызды қайта қалпына келтіре алдыңыз ба?
- Шындығында - жоқ. Енді ғана қалпыма келе бастағанда маусым тоқтап қалды...
- "Тобылдың" сізге қызығушылық танытқаны рас па?
- Маған үш қазақстандық клубтан, оның ішінде "Тобылдан" ұсыныс түсті. Әңгімелер болды, келісімшартқа қол қояиындай жағдай болған жоқ.
- Сізге тағы қандай екі клубтан ұсыныс түсті?
- Агентім "Тобыл", "Астана" және "Қайрат" деді. Қазақстандық алыптар. Олардың әрқайсысының еуропалық бәсекеде үлкен амбициясы бар. Бірақ тағы да, мұның бәрі әңгімелесу деңгейінде. Әзірге нақты ештеңе жоқ.
- Сіз өзіңізді Еуропада сынап көргіңіз келе ме? Сізде Ресейден және басқа Еуропа елдерінен ұсыныстар бар ма?
- Мен мансабымды қайда жалғастыратынымды әлі шешкен жоқпын. Маңызды әңгімелер жоқ. Кез-келген футболшы Еуропада ойнағысы келеді, бірақ, өкінішке орай, олардың Қазақстандағыдай жағдайлары жоқ
- Бірақ Қазақстандағы клубтарға мемлекет бюджеті қолдау көрсетеді...
- Ия, қаржылық жағдай Еуропаға қарағанда әлдеқайда жақсы.
Біздің серіктес: FONBET