Жарнама
Жарнама

Eins, zwei, Polizei

19.11.2020, 00:14
«Футболда 22 адам ойнайды, бірақ немістер жеңіске жетеді» Гари Линекер.
Жарнама
Жарнама

Ұлттар лигасының соңғы матчтары аяқталды. Мен-мен деген ұлттық құрамалар жартылай финалға жолдама алды. Немістер мен испандар қалмай ұпайларын олжалап жартылай финалға аттанды. "А" тобынын соңғы ойының түйіндеуде барысында Испания мен Германия тағы бір-бірімен кездесті. Еске салсақ немістер аланыңда болған бірінші матчта екі құрама тең тарқасты. Германияның аңыз ойыншысы, капитаны Мануель Нойер бұл ойында 96-ыншы кездесуін өткізіп Зепп Майерді ұлттық құрама сапындағы өткізген ойындар санынан оза жөнелді. Рекорд, тіпті Нойер ет асып, қонақ шақырайтындай-ақ сәт. Бірақ 96-ыншы тарихы кездесуі Нойердің ойындағыдай болмады. Испан серкелері ойын басталысымен шабуылдап Нойерге тыным бермеді.

Әсіресе Ферран Торрес қапталы жақсы өнер көрсетті. Білмеймін Нойер сөзімізді естіп, ойында ет асу жайлы ойланып жүрдіме, сасқалақтап допты қағып алатын жерде қателесіп ойнады. Ойынның бірінші голы көп күттірмей 17 минутта Альваро Мората арқылы салынды. Бұраштамадан асырылған пасты жақсы түйіндеген Альваро есепті ашты. Немістер шабуылдауын шабуылдады бірақ соңғы түйіндеу барысында Йоахим Лёв шәкірттері қателесті. Алаң иелері бірінші голдан кейін күйейіп дем жинап шабуылдарды арттырып, нәтиже шығарды.Қақпа бағанасына тиіп, кері серпілген допқа Ферран Торрес 33 минутта бірінші жетіп қақпаға допты шегедей кіргізді.

Бұл гол Евро 2016 да салынған Торрес әріптесі Начоннын голына ұқсайды, бірақ Начо допты айып аланыңның сыртынан тепкен болатын. Есеп екіде нөл. Әр матчында голдан қамал тұрғызатын немістер, бұл жолы испандықтардан айласын асыра алмады. Әр метр, әр сантимерге таласқан Энрике шәкірттері, сауатты ойнады. Сауатты ойнап Нойер қақпасына жауапсыз 4 гол соғып, алаң иелері кім екенін танытты. Бұл ойынында Германия өз тарихында 66 жылдан кейін ірі жеңіліске ұшырап отыр.Соңғы ірі жеңілісі 1954 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңде, Венгриядан 8-2 есебімен есе жіберген. Нойердін тарихымен, Германия тарихы түзетілген бұл күн неміс жанкүйерлерінің мәңгі есінде қалатыны айдан анық.

Көбеев Мұхаммедқали

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров