Осы жазғы трансферлік кезеңде "Реал Мадрид" сапын толықтырған Эден Азар жарақат алып қалды. Клубтың ресми сайтының мәлімдеуінше, Азар тізе сіңірін зақымдап алған. Енді бельгиялық шабуылшының қайта қалпына келуіне 3-4 аптадай уақыт кетеді екен. Яғни, "Сельтамен" қоса Ла Лиганың 2-турына да қатыспауы əбден мүмкін.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET