Жарнама
Жарнама

Джуниор Кабананга: «Өз үйіме оралғаныма бақыттымын!»

13.07.2018, 15:16
Жарнама
Жарнама
«Астана» футбол клубы тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі Жуниор Кабананга елорда командасына «Әл-Насыр» клубынан бір жылға жалға келді. Шабуылшы клубтың баспасөз қызметіне қайтып келгеннен кейінгі алғашқы сұхбатын берді.

- «Астана» деп аталатын өз үйіме қайта оралғаныма бақыттымын! Мен Сауд Арабиясында болған уақытта, әр кезде астаналықтардың ойындарын бақылап, жанкүйерлік еттім.

- «Астана» сапында өз алдыңызға қандай мақсат қоясыз?

- Мен өз командалас әріптестеріммен бірге бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанып, еурокубоктардың топтық кезеңіне шыққым келеді. Командалық жетістікке жету үшін барлық күш жігерімді аямауға тырысамын.

- «Астанаға» бас бапкер болып Роман Григорчук келді. Жаңа маманның қол астындағы жұмыстан қандай нәтиже күтесіз?

Ол өте жақсы маман. Мен әр кезде көп футбол қарауға тырысамын. Ол Әзірбайжанда үлкен жетістікке қол жеткізді. Григорчук – рухани жеңімпаз. Жеңімпаз бапкердің қол астында жаттығу өте жақсы, ол ойыншылардың дамуына көмектеседі.

- Өзіңіздің спорттық бабыңызға келіп үлгердіңіз бе?

- Менің алаңға шықпағаныма ұзақ уақыт болғанымен, демалыс кезінде жекелей жаттығу жұмыстарын жасап жүрдім. Одан кейін, «Аль-Наср» футбол клубымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп, күніне 2 мәрте жаттығу жұмыстарын жасадық. Маған дәл қазір ойын тәжірибесі жетіспейді. Сондықтан, мен 80%-ға ғана дайынмын деп айта аламын. Дегенмен, 7-10 күннің ішінде нағыз бабыма келемін деп ойлаймын.

fcastana.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров