"Қайрат" - "АЗ Алкмаар" кездесуінен кейін голландиялық ұжымның бас бапкері әлі келесі кезеңге өту мүмкіндіктерінің тең екенін атап өтті.
- Алғашқы ойын алдында қарсыластардың келесі кезеңге өту мүмкіндіктерін тең деген едіңіз, ал қазір не айтасыз?
- Біріншіден "Қайратты" жеңісімен құттықтаймын. Ойын соңында босаңсып қалдық. Біз алғашқы таймда жақсы ойын көрсеттік, бірақ екінші таймда бәрі керісінше болды. Мен кешегі айтқанымдай, мүмкіндіктер әлі 50 де 50. Ештеңе өзгермейді. Қарымта кездесуде шешіледі бәрі.
Бұдан бөлек қарсылас команданың бапкері, стадиондағы жанкүйерлердің қолдауына жоғары баға бері, алматылықтардың шабуыл шебіне оң баға беріп, жеке ойыншыларға тоқтауды жөн санамады.