Ақша не істетпейді. «Астон Вилла» клубының шабуылшысы Джон Дюран Ағылшын Премьер-лигасынан Сауд Арабия біріншілігіне ауысты. Колумбиялық футболшы енді атақты Криштиану Роналдумен «Аль-Наср» командасында ойнайды.
Шейхтар Джон Дюранның трансфері үшін ағылшындықтарға 77 миллион еуро төлеген. Ал 21 жастағы шабуылшыға жылына 20 миллион еуро жалақы ұсынып, бұрын-соңды мұндай ақшаны түсінде көрмеген колумбиялық футболшы ағынан жарылып, «Аль-Наср» клубын бала кезімнен жақсы көремін. Бұл командада ойнау менің арманым еді» депті. Иә, «алтын көрсе, періште жолдан таяр» деген осындайға айтылған шығар. Жұлдызы жанып, Унай Эмеридің «джокері» атанған жас сұрмерген Еуропаны бағындырудың орнына, ақшаны таңдапты. Бәлкім, дұрыс та шығар...
Біздің серіктес: FONBET