Оралхан негізі - "джокер". Кәдімгі соңғы минуттарда алаңға шығып гол соққыш. Баяғы "Манчестер Юнайтедтегі" Сулшер секілді.
Мәселенки, 2017-жылғы біріншілікте "Шахтер" сырт алаңда "Атырауға" 3:2 есебімен жеңіліп жатады. "Шахтер" бапкері оны 80-минутта алаңға шығарады. Сосын Оралхан 90+1-минутта таразы басын теңестіріп, есепті 3:3 қылады. Ол бір ғана сәт десеңіз... 2017 жылы Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен кездесіп жатады. Сырт алаңдағы ойында отандастарымыз 2:1 жеңіліп тұрады. 63-минутта алаңға шыққан Оралхан 86-минутта Болгария жастарының қақпасына гол соғып, өзінің жоқ жерден пайда бола кететін әдеті бар екенін көрсетеді. Ол аз десеңіз биыл Қазақстан премьер-лигасының 6-турында Оралханның командасы "Шахтер" "Ақтөбеден" өз алаңында жеңіліп жатты. Сонда матчтың 77-минутында алаңға шыққан Өміртаев бірден гол соғып, таразы басын теңестірді. Осы жақында ғана премьер-лигадағы алғашқы хет-тригін жасаған ("Астана" қақпасына) Оралхан Стойловтың сенімін ақтады. 89-минутта алаңға шығып 90-минутта гол соқты. Ұлттық құрамада соңғы минуттарда гол соғып кететін "джокер" пайда болған секілді.Біздің серіктес: FONBET