Германия құрамасы мен "Баварияның" қорғаушысы Джером Боатенг жазғы трансферлік кезеңде клубтан кетуі мүмкін.
"Спорт-Экспресстің" Kicker-ге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Боатенг "Манчестер Юнайтед" немесе "ПСЖ" сапына ауысуы мүмкін. "Бавария" қорғаушыны 50-60 миллион еуроға сатуға дайын көрінеді.