Стивен Джеррард бапкер ретінде Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өткізген алғашқы матчын жеңіспен бастады.
Джеррард баптайтын шотландиялық "Рейнджерс" өз алаңында македониялық "Шкупи" командасын 2:0 есебімен жеңді. Бұл Джеррардтың бас бапкер ретіндегі алғашқы жеңісі екен.