Жарнама
Жарнама

Дортмундтың "Боруссиясы" Пако Алькасерді жалға алды

29.08.2018, 04:35
Жарнама
Жарнама
"Боруссия" "Барселонаның" шабуылшысы Пако Алькасерді 2018/19 жж. маусым соңына дейін жалға алды.  Дортмундтықтардың бұл ойыншыны жалға алғаны екі миллион еуроға шыққан екен. Келісім бойынша маусым соңында неміс клубы 24 жасар ойыншыны 23 миллион еуроға сатып ала алады.   Алькасер "Барселонаға" 2016 жылы "Валенсиядан" 30 миллион еуроға сатып алынған болатын. Былтырғы маусымда шабуылшы каталондықтар қатарында 23 ойында жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров