Команданың қорғаушысы даниялықтарға қарсы кездесу туралы клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.
-Барша Қазақстанды және біздің барлық жанкүйерлерімізді келесі кезеңге өтуімізбен құттықтаймын. Біз олардың алып шабуылшыларына доп жоғары жақпен асыратынын білдік, солай да болып шықты. Алаңда күрес көп болды, біз оған дайын едік, оған қоса, қарсы шабуылдардан бірнеше тамаша мүмкіндіктеріміз де болды. Бірақ нәтижеге жете алмадық. Негізінде, біз өз сәттерімізді голға айналдырғанда, ойынды ірі жеңіспен аяқтар едік.
- Команданың алдында күрделі ойын кестесі бар, екі күннен кейін Ақтөбеде ойын, 7 тамызда «Динамомен» (Загреб) кездесу. Команда қалпына келіп үлгереді ме?
- Ақтөбедегі ойын бойынша шешімді бапкерлік штаб айтады, мүмкін алмасулар болады. Әрине, екі күн деген толықтай қалыпқа келу үшін өте аз уақыт, бірақ, біздің клубтың бапкерлік құрамы мен медициналық қызметкерлері өте білікті мамандар. Сондықтан, алдымыздағы екі кездесуге де барынша бабымызда келу үшін барымызды саламыз.
- Астанадағы ойыннан кейін «Мидтьюлландтың» бапкері мен ойыншылары ұзақ ұшу мен уақыт айырмашылығына шағым айтқан болатын. Бүгін «Астананың» ойынында бұл ерекшеліктер сезілді ме?
- Біз Еуропаға 5-6 сағаттап ұшуға дағдыланып қалғанбыз. Меніңше, оның бәрі бос сөз, оған аса назар аудармай-ақ, ойынға дайындалып алаңға шыға беру керек. Барлығы бірдей жағдайда болады, бүгін біз бұл жағдайда болдық, нәтижесінде, тек қана «Астананың» емес, барша Қазақстанның атынан лайықты өнер көрсетіп, келесі кезеңге өттік.