Жарнама
Жарнама

Дмитрий Шомко: «Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін барымызды салатын боламыз»

24.08.2018, 22:12
Жарнама
Жарнама
Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы АПОЭЛ – «Астана» арасындағы алғашқы ойын туралы елордалық команданың вице-капитаны Дмитрий Шомко өз ойын жеткізді, - деп клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- Жақсы ойын болды, қарсылас қақпасына гол соғатын көптеген сәттер ұйымдастырғанымызбен, оларды лайықты пайдалана алмадық. Бұл мәселе бойынша барынша жұмыс жасап, жауапты ойында кипрліктерге қарсы лайықты қарсылық көрсететін боламыз. Қазақстанның және клубтың намысы үшін өз алаңымыздағы қарымта ойында барымызды салуға тиіспіз. Біздің басқаша ойлауға қақымыз да жоқ. Өз алаңымызда өте жақсы ойын көрсетіп, АПОЭЛге мүмкіндік қалдырмауымыз қажет. Және бұл кездесуде жанкүйерлер тарапынан қызу қолдау боларына сенемін.

- Команда еурокубоктерде 4 ойын қатарынан гол соға алмай келеді. Астанадағы ойында команда осы серияны бұза ала ма?

Бұл сұраққа нақты жауап беру өте қиын. Дегенмен, біз бүгінгі ойында кемі бір гол соғу керек болатынбыз. Бізде шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында мәселелер орын алып жатыр. Жауапты ойында шабуылшылар команда ұйымдастырған қауіпті сәттерді лайықты пайдаланады деген үміттемін. Және сол голдар бізді жеңіске жетелейді деп ойлаймын.  

- 30 тамыздағы ойында жанкүйерлердің қолдауы қаншалықты маңызды болмақ?

- Жанкүйерлер – біздің 12 ойыншымыз. Жанкүйерлер осындай маңызды ойында стадионға келіп, командаға қызу қолдау көрсетеді деген сенімдемін. Ал біз өз кезегімізде Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін барымызды салатын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров