Жарнама
Жарнама

Дмитрий Шомко «Астана» сапындағы 200-ші ойынын өткізді

25.07.2018, 22:54
Жарнама
Жарнама
«Астана» Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында даниялық«Мидтьюлланд»командасын 2:1 есебімен жеңді.

Бұл кездесу елорда командасының вице-капитаны Дмитрий Шомко үшін мерейлі матч ретінде тіркелді. Біріншіден, «Астана» қорғаушысы бұл кездесуде Ласло Кляйнхайслерге екі нәтижелі пас берсе, екіншіден, Шомко Дания чемпиондарына қарсы кездесуде алаңға шығу арқылы астаналықтар сапындағы 200-ші ойынын өткізді.

Астаналықтар құрамында Шомкодан көп ойын өткізген екі ғана ойыншы бар. Олар: Ненад Эрич (242) және Абзал Бейсебеков (229). 

Шомко осы 200 ойында 10 гол соғып, 34 нәтижелі пас берген.

 

fcastana.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров