Жарнама
Жарнама

Дмитрий Огай қызметінен кетуі мүмкін

08.11.2020, 20:45
Қазір «Жетісу» 19 ұпаймен жетінші орында тұр.
Жарнама
Жарнама

"Жетісу" футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

"Олар бұл туралы көптен бері айтып келеді. Соған қарағанда, қазақстандық бапкер "Жетісудан" кетуге жақын. Бұған Талдықорғандық клубтың атынан әр түрлі адамдардың шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізіп жатқандығы дәлел.

Клубтағы адамдар Дмитрий Алексеевичтің кету ықтималдығы 90 пайызды құрайтындығын жеткізді. Мәселе басшылықтың ауысуында ғана емес, сонымен қатар маусымның тапсырмаларын орындалмағанында болып тұр. "Жетісудың" бюджеті едәуір көп, ойыншылардың жалақысы әрдайым төленіп отырған. Негізінен "Жетісу" үздік үштіктегі орын үшін күресу керек еді. Бірақ бесінші орынға күрес жүргізуде.

Огай командада қалғанның өзінде, елеулі өзгерістер болайын деп тұр. Тәжірибелі ойыншылардың көпшілігі кетеді. Жаңа жаттықтырушылар құрамы жасақталады", - деді Қожахмет.

60 жастағы Огай 2017 жылдан бері "Жетісуды" жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол "Тобыл", "Қайсар", "Қайрат", "Тараз", "Ертіс" және "Есіл-Богатырь" клубтарын баптаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров