Жарнама
Жарнама

Дінмұхаммед Қашкен: «Басты мақсат - жастар арасындағы ЕУРО-2023 турнирінің ақтық сынына шығу»

26.03.2021, 04:05
Жастарымыз ертең Болгария құрамасымен кездеседі.
Жарнама
Жарнама

«Antalya Cup 2021» турнирінде Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македония құрамасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Негзігі құрамда шыққан "Ақтөбе" ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен ойыннан соң өзінің пікірін білдірген болатын.

- Ойында біз өзімізді сенімді сезіндік. Себебі ортамызда халықаралық додаларда бақтарын сынаған жігіттер аз емес. Сондай-ақ бас бапкердің айтқанын толық орындадық деп айтуға болады. Бүгінгі ойынға көңіліміз толады. Дегенмен тоқтап қалуға болмайды. Алдымызда әлі де маңызды ойындар бар. Басты мақсат - алдымыздағы жастар арасындағы ЕУРО-2023 турнирінің ақтық сынына шығу. Қазіргі жастар құрамасының ол үшін барлық мүмкіндігі бар.

Желбіреген көк туымыз бен еліміз үшін аянбай күресуге дайынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы аталған додада 26 наурыз күні Болгария, ал 29 наурыз күні Өзбекстан жастар құрамасымен кездеседі.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров