"Атлетико Мадрид" клубының шабуылшысы, атышулы Диего Коста кей мамандардың іс-әрекетіне көңілі толмайтынын айтты. Еске салайық, Ла лиганың 24 туры аясында мадридтік клуб өз алаңында "Атлетик Бильбаоны" қабылдап, 2:0 есебімен жеңген болатын. Ойынның 36 минутында Коста төрешімен дауласқаны үшін сары қағаз алды. "Не болғанын өздеріңіз жақсы көрдіңіздер. Төрешілер мені жек көреді, оны өзгерту мүмкін емес! Менің кез келген мүлт кеткен жерімді құр жібермейтін олар, міндетті түрде жазалауды ойлап тұрады. Ендігі уақытта бқл тақырыпты талқылаудың еш қажеті жоқ!" - дейді ол.
"Атлетико Мадрид" турнир кестесінде 55 ұпаймен 2 орында келеді. Соңғы 4 ойында жеңіске жеткен.
@aibek_kossan