29 жастағы ганалық қорғаушы Дэвид Мавутор қарағандылық "Шахтер" сапына ауысуы мүмкін.
"Шахтер" қорғаныспен қатар жартылай қорғанысын да күшейтуді жоспарлап отыр. Ал Мавутор артқы жартылай қорғаушы ретінде де, қорғаушы ретінде де ойнай алады.
Бұған дейін Мавутор үш маусым бойы "Жетісу" сапында ойнады, ал қыста польшалық "Висла" клубына ауысты, ол жерде қазақстандық футболшы Георгий Жуковпен бірге ойнады. "Висла" клубы үшін Мавутор алты матч өткізіп, екі сары қағаз алды.
Мавутор бұған дейін Тәжікстан чемпионатында алты жыл ойнаған және Гананың төлқұжатынан бөлек, Тәжікстан азаматтығына ие болды.
Біздің серіктес: FONBET