26-жасар сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович Италияның А Сериясында өнер көрсететін клубпен жақын арада келісім-шартқа отырады, - деп жазады Sports.kz.
TuttoMercatoWeb-тің хабарлауынша, шабуылшы алдыңғы маусымда турнирлік кестеде 10-шы орын алған «Сампдория» клубымен келіссөздер жүргізуде.
Естеріңе сала кетсек, сербиялық ойыншы қазақстандық бірнеше клубтарда өнер көрсеткен болатын.