Жарнама
Жарнама

Дер Классикер

26.05.2020, 22:37
«Бавария» Чемпион ба?!
Жарнама
Жарнама

Боруссия - Бавария.

Екі команда соңғы ойындарында ұпайдан шашау шығармай келеді. Ал, бүгінгі матч чемпиондық тағдырын шешуі мүмкін.

Бавария Боруссияға қарсы соңғы 6 матчтың 5-інде жеңіске жеткен. 24 гол соғып, 5 гол жіберген. Левандовский нағыз бабында. Оған нәтижелі пас берер, Гнабри, Коман, Мюллерде өз бабтарында. Қорғаныста бірер мәселе болғанымен, көп гол жіберуі мүмкін емес.

Ал, Боруссияға келер болсақ, Фаврдың шәкірттері, соңғы матчтарында голды қарша боратуда. Ройс қатарда жоғы білінгенімен, Холланд, Санчо, Т.Азар, өз бабтарында. Холландты Левандовский салыстыру ерте болса да, дарыны мен қабілеті келіскен жас бундеркинд, әбсетте матч тағдырын шешіп кетуі мүмкін.

Бұл екі команданың мықты тұстары қапталдағы қорғаушылар.

Геррейро мен Хакими соңғы турда гол соғып, командаға жеңіс әкелді. Шабуылда екеуі өте тамаша. Қорғаныста да осал емес. Бүгінде өз командасына пайдаларын тигізеді деп ойлаймын.

Дейвис пен Паварда матч сайын қарқынға қарқын қосып, чемпиондықтан үмітті. Әлем Чемпионатындағы керемет ойыны, Паварды Баварияның негізгі құрамына кіруіне итермелегендей. Ал, жас Канадалық қорғаушы өткен турда гол соқты. Нәтижелі ойынымен негізгі құрамнан орын алды. Бұл екі қорғаушыда бүгін өз ойындарымен тәнті етер.

Боруссия өз алаңында жеңіске жетуі әбден мүмкін. Баварияда осал емес әрине. Болжам жасау өте қиын.

Көп ойлана келе, болжам айтатын болсам:

Голдар саны 2,5 нан көп (ТБ 2,5) немесе Бавария 1 гол айырмашылығымен жеңіске жетуі мүмкін ( Фура второй команды (-1)).

Статистикалық болжамдарға келер болсақ. Бавария бұл ойында бұрыштама саны бойынша алда болады деп ойлаймын. Сондықтан бұрышгтама Баварияның жеңісінде. (УГЛ.П2)


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров