Денис Черышев: «Мен тазамын. Допинг туралы тақырып мені еш мазаламайды»
11.09.2018, 18:56
Жарнама
Жарнама
Испанияның «Валенсия» клубының және Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев WADA-ның футболшыны тексереміз дегеніне қатысты пікір білдірді.
Футболшының әкесі кезінде Павлодардың «Ертіс» клубын жаттықтырған Дмитрий Черышев бір сұхбатында баласының «Вильярреал» сапында жүргенде жарақаттан кейін қайта қалыпқа келу үшін препараттар пайдаланғанын айтқан болатын.
«Маған допинг туралы жаңалықтарға қатысты айтатын ешқандай пікірім жоқ. Мұндай хабарды естіді, бірақ мен допингке қарсы ереже бұзбадым. Мен тазамын. Сондықтан бұл тақырып аса қатты мазаламайды. Әрине, кез келген ойыншы үшін мұндай жаңалықты оқу ыңғайсыз. Бірақ менің міндетім – футбол ойнап, клуб пен құрамаға өз пайдамды тигізу. Мен барлық жағдайды бақылауда ұстап отыра алмаймын», - дейді Денис Черышев.