Жарнама
Жарнама

Деңгейіміз еуропаның үшінші сортты турнирінің топтық кезеңі ғана

20.12.2024, 10:27

Сонымен, «Астанаға» сәл жетпеді.

"АПОЭЛЬ" - "Астана" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде 28-ші емес 24-орын алғанда, қазақ жанкүйерлеріне плей-офф кезеңін көру бақытын сыйлайтын еді. Ал былай, ештеңе де бұйырмады.

Елордалықтар отандық клубтар арасындағы жалғыз өкіліміз еді, ол да кеше өзінің сапарын аяқтады. Кипрде. Үйренген жау атыспаққа жақсы деуші еді, әйтеуір әбден көзтаныс болып алған «АПОЭЛЬмен» тең түсіпті (1:1). Ал астаналықтардың жүріп өткен жолын қысқа қайырғанда, былай болды: негізгі топта алты бәсеке өткізіп, 5 ұпай алды. Оның арасындағы жалғыз жеңіске сербияның «ТСЦ» командасымен болған кездесуде қол жеткізгенін білесіздер – 1:0. Португалия біріншілігінде биыл жаңалық болған «Витория Гимарайншпен» ұпай бөлісуін біз позитив қатарына қостық. Қалған үш ойында мақтанарлық ештеңе көре алмайсыз: уэльстің «ТНСнен» 0:2, кипрлік «Пафостан» 0:1 және «Челсиден» 1:3 болып ұтылды. Неге, қалай деген дүниелер, ол енді бөлек материалдың мәселесі. Бірақ, «Астана» еуропаның дәрежесі тұрғысынан үшінші сорттағы сайысында топтық кезеңнен ары аса алған жоқ. Бұл факт.  

Қош, енді жыл айналып жаздың басында тағы да еурокубоктермен көрісеміз. Құрам сол баяғы, тек орындары сәл-сәл ауысқаны болмаса – ел чемпионы «Қайрат» ЧЛ-ның іріктеуінен бастайды. «Астана» мен «Ордабасы» қайтадан Конференциялар Лигасында бақ сынап көрмек (Шымкенттік команда негізінен еурожорығын ЧЛ-дан бастаған). Ал келесі жылы ҚПЛ-ді аламыз деп отырған «Ақтөбе» Еуропа Лигасының квалификациясында өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров