Ирландиялық «Шемрок Роверс» клубының шабуылшысы Майкл Нунан еурокубоктердің негізгі кезеңінде гол салған ең жас ойыншы атанды (16 жас 197 күн).
Ирландия елінің жас таланты кеше Конференциялар лигасының 1/16 финалының бірінші матчында «Мольденің» қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, осыған дейінгі рекорд Ромелу Лукакуге тиесілі болатын ( 16 жас 218 күн). Сондай-ақ, еурокубоктерде гол салған ең жас ойыншылардың қатарында Ламин Ямальдің есімін де айта кету керек. «Барселонаның» жартылай қорғаушысы (17 жас 68 күн) ЧЛ-ның матчында өз есімін таблоға жазған еді.
Майкл Нунан «Шемрок Роверс» сапын жақында ғана толықтырған. Осыған дейін «Сент-Патрикс» жейдесінде өнер көрсеткен. Енді жас талант бір аптадан кейін «Мольдеге» қарсы қарымта ойында өзінің командасына көмектеспек.
Естеріңізде болса, 16-жастағы Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа отырды. «Қайрат» академиясының түлегі кәмелетке толғанша алматылық клуб сапында доп тебе тұрмақ. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысын 18-ге толғанша «Челсиден» келетін арнайы маман дайындап, жетілдіреді.
Біздің серіктес: FONBET