Осымен 46 рет өткен Copa America додасында Бразилия чемпион атанғаны белгілі. "Салесао" капитаны Дани Алвес турнирдің үздік ойыншысы атанды. Сонымен қатар ол кәсіпқой футболшы ретінде 40-титулын жеңіп алды.
Санап көрейік. Оң қапталда өнер көрсететін қорғаушы "Севильямен" - 5, "Барселонамен" - 23, "Ювентуспен" - 2, "ПСЖ"-мен 6 және Ұлттық құрамасымен 4 жүлде жеңіп алған. Яғни, бас-аяғы қырық!
Негізі жоғарыда "емес" деп жаздым ғой. Оның да себебі бар. Жалпы әлем футболы тариxында ең көп жүлде жеңген Мысыр құрамасының шабулшысы болған Хусам Хасан деген деген футболшы. Ол 41 жүлде жеңіп алған. Бірақ ол кейбір жүлделерін бейресми турнирлерден жеңген. Сол үшін де Дани Алвес титулы ең көп футболшы ретінде тіркелген.
Алвестен кейін тізімде тағы бір бразилиялық футболшы Максвел тұр. Оның еншісінде 37 жүлде бар.
Ал одан кейінгі тізімде Райан Гиггз 36, қақпашы Витор Баия 35, Месси 34, Роналду 29 жүлдемен тұр.
Уәлихан Қосанбай.
Біздің серіктес: FONBET