Белгілі бапкер Алмас Құлшынбаев ұлттық құрама бас бапкерінің орнынан кетуіне қатысты өзінің ойын ортаға салды.
Sports.kz-ке берген сұқбатында жаттықтырушы Қазақстанның бұрынғы бапкерлері Магомед Адиев пен Станислав Черчесовты салыстырып, жұмыстарын бағалады.
«Ұлттар Лигасының турниріндегі сәтсіздіктен кейін осылай болары түсінікті еді. Десек те, ондағы қарсыластарымыздың деңгейін де ұмытпау керек. Магомед Адиевтің кезінде құрама команда жарқ етіп, шын мәнінде Еуропа біріншілігіне қатысудан үмітті болды. Негізінде бізге Адиевтің бес қорғаушы арқылы ойнайтын ұстанымы тиімді. Ал Черчесов ашық ойын мәнерін жөн көрді, бірақ біз оған әлі дайын емеспіз – психологиялық, тактикалық, техникалық жағынан да. Черчесовтың кетуі дұрыс шешім деп ойлаймын», - деді отандық маман.
Станислав Черчесовке дейін ұлттық құраманы Магомед Адиев жаттықтырған. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына дейін алып шықты. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласу мүмкіндігіне ие болып, тек Грекияға қарсы матчта есе жіберді. Айта кетейік, былтыр B дивизионында өнер көрсеткен құрама топта соңғы орын алып, C дивизионына түсіп қалды.
Біздің серіктес: FONBET