Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА чемпиондар лигасының ширек финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтиже төмендегідей:
- "Аякс" (Нидерланды) - "Ювентус" (Италия)
- "Ливерпуль" (Англия) - "Порту" (Португалия)
- "Тоттенхэм" (Англия) - "Манчестер сити" (Англия)
- "Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Барселона" (Испания)
Жартылай финалда бірінші жұптың жеңімпазы үшінші жұптың жеңімпазымен күш сынасса, екінші жұптың мықтысы төртінші жұптың жеңімпазымен ақтық мәренің жолдамасын өзара сарапқа салады. Бірінші кездесулер сәуірдің 9/10 күндері ойнатылса, қарымта ойындар араға бір апта салып сәуірдің 16/17 жұлдыздарында өткізіледі.
Руслан Мералиев