«Бенфика» - «Барселона» - 1.65
Бүгін түн ауа болатын ЧЛ-ның 1/8 финалдық кездесулері бірінен бірі өтеді. Лиссабондағы матч та соның қатарында. Қос клуб биыл негізгі кезеңде де кім мықтынып анықтаған еді. Ол кезде 5:4-пен каталондықтар үстем болған. Ал бүгін қандай нәтиже тіркеледі екен?
«Бенфика» өткен кезеңде «Монакодан» айласын асырды. Португалия чемпионатында да сәтті серияда – қатарынан төрт жеңіс. Кубоктік кездесуде «Брагадан» басым түсіп, бабында екенін тағы бір мәрте паш етті.
«Барселонаның» да қарқыны жаман емес. Ла Лигада бірінші орында. Негізгі кезеңде тек «Ливерпульді» алға жіберіп үздік сегіздік ішінде екінші орын алды. Бүгінгі бәсекеге Ханс Фликтің шәкірттері керемет сериямен барады – барлық турнирлерде 15 матч қатарынан жеңіліссіз келеді. Жалпы, биылғы жылы «Барселона» жеңіліп көрмеген.
Болжам - алаң иелері екінші таймда гол салады. Біздің серіктес бұған 1.65 коэффициент ұсынуда.
«ПСЖ» - «Ливерпуль» - 1.78
Ең тартысты да қызықты кездесуді осы жұп тарту ететін шығар. Бірақ, кім білсін, кейде ерекше күтілген матчтар үмітті ақтамай жатады. Франция чемпионатында қарсылас шақ келтірмейтін париждік ұжым АПЛ серкесі «Ливерпульдің» әуселесін байқап көрмекші.
Париждік команда көпішілік күткендей негізгі кезеңді үздік 8 клуб қатарында аяқтай алған жоқ. Бірақ, әлеуетін 1/16-да-ақ көрсетіп, «Брестті» бұйым көрген жоқ (жалпы есеп 10:0).
«Ливерпульдің» АПЛ-дегі чемпиондығы баршаға аян деуге болады. «Арсенал» 13 ұпайлық гандикапты қайтара алады дегенге лондондық жанкүйерлердің өздері де сене қоймайтын шығар. ЧЛ-ның негізгі кезеңінде ешкімді қарсылас көрмей жеке дара бірінші орын алған «мерсисайдтықтар» енді ширек финалға шығуды көздейді. Команданың шабуыл шебі жойқын – ЧЛ-ның негізгі кезеңінде 28 гол (ең нәтижелі көрсеткіш). Бірақ, қорғанысы сыр беретінін де айта кету керек.
Болжам – екінші таймның жалпы тоталы 1,5 нан көп болады. Бұған Fonbet.kz 1.78 коэффициент тарту етеді.
Біздің серіктес: FONBET