"Аякс" қақпашысы
Андре Онана "Тоттенхэммен" болған матчта Чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсеткен
бірінші африкалық қақпашы атанды. Тағы бір қызық жайт Онананың жасы 23- те екенін ескерсек, ол бұл көрсеткішті бағындырған ең жас бағана күзетшісі.
Одан бөлек, Андре сырт алаңда "Тоттенхэммен" болған ойында қақпасына гол жібермей клубтық рекордты қайталауға септігін тигізді. Яғни, "Аякс" 1996 жылдан бері, араға 23 жыл салып сырт алаңда гол жібермеген матч өткізіп отыр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.