Жарнама
Жарнама

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: "БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ" - "БАРСЕЛОНА" 3:1

15.09.2018, 22:12
Жарнама
Жарнама
Жігіттерді қайдам, әзірге қыздарымыз жарап тұр. «Биік-Қазығұрт» бұрымдылары УЕФА чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде азулы «Барселонаның» осал тұсын тапты. 1/16-ші финалдың алғашқы кездесуі Шымкентте» өткен еді. «Намыс» стадионында алаң иелері намысқа тырысып, кімнің қожайын екенін байқатты. Матч қонақтардың шабуылымен басталды. «Биік-Қазығұртты» бірден жасытып тастауды көздеген Каталония командасы қос қапталдан қыспаққа алды. Алайда қақпашы Оксана Железняк қырағылық танытып, бірнеше соққына кері қайтарды. «Биік» те қарап қалмады. Қарымта шабуылға шыққан ел чемпиондары алғашқы таймға қосылған үш минут аяқталар тұста есеп ашты. Кезекті қарбалас сәтте Каталония командасының капитаны Алексия Путельяс өз қақпасына гол соқты. Үзілістен кейін "Биік" қыздары нәтижелі шабуылдарын жалғастырды. 49-шы минутта Фазила Иквапут есепті еселей түсті. 21 жастағы Угандалық футболшы ойынға тыңнан қосылып, бапкер сеніміне лайықты жауап қатты. Фазила 60-шы минутта Гүлнара Габелияның да гол соғуына да жағдай жасады. Нәтижелі пас берген ойыншы «Биік-Қазығұрттың" жеңісіне өз үлесін қосты. «Барселона» сапынан Тони Дагган жалғыз доппен жауап қатты. Қорытынды есеп:3:1. Калоян Петков «Биік-Қазығұрт» ФК бас бапкері - Ойын нәтижесіне таң қалудың қажеті жоқ. Өз қақпамызға гол жіберіп алғанымызға өкініп тұрмын. Себебі жаттықтырушылар штабы дер кезінде ойыншы ауыстырып үлгермедік. Ұлттық құрама футболшылары 26-шы тамыздан бері оқу-жаттығу жиынында болып, шаршап оралды. Олар бүгін матчты соңына дейін ойнай алмады. Енді біз ФИФА аясындағы үзілістерде ғана ойыншыларымызды ұлттық құрамаға жіберіп отырамыз. Бірақ қыздардың бәріне алғыс айтамын, кездесуді жақсы өткізіп шықты. Футболшылар өз жанкүйерлері алдында ұятқа қалған жоқ. Франсеск Санчес Бас «Барселона» ФК бас бапкері - «Биік-Қазығұрт» өз мүмкіндігін ойын кезінде жақсы жүзеге асырды. Сондықтан кездесу нәтижесіне таң қалып тұрған жоқпын. Алаң екі командаға да бірдей. Ойын нәтижесіне алаң кінәлі деп айту дұрыс емес. Жергілікті жанкүйерлер де өз командасына жақсы қолдау көрсетті. Енді біз қарымта матчта өз фанаттарымызға үміт артамыз. Гүлнара Габеля «БИІК-ҚАЗЫҒҰРТ» ФК шабуылшысы - Чемпиондар лигасының 1/16-шы финалында осал команда болмайды. Барселонаны ұту оңай емес. Сондықтан жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бар күшімізді сарқыдық. Бірақ өз қақпамызға гол жіберіп алғанымыз өкінішті. Алда қарымта кездесу бар. Қателік жібермей келесі кезеңге өтуге тырысамыз. Барселонағы қарымта матч 26-шы қыркүйекте өтеді. «Биік» қыздарына Кателонияда қиын болары анық. Санчес шәкірттері Шымкенттегі матчта алаң иелерінің қақпасына 15 мәрте қауіпті соққы жасағанын айта кетейік. Сегіз соққыға қорғаушылар тосқауыл қойса, қалғанын қақпашы қайтарды. Енді осы ерлікті «Барселонада» қайталау керек. Жалпы екі команда бұған дейін 2015—2016-шы жылғы маусымда жолыққан болатын. Шымкентте өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталып, қарымта матчта «Барселона» 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Калоян Петков шәкірттері 16-шы қыркүйекте Литваға аттанды. Шымкент командасы қарымта кездесу өтетін Барселонаның уақыт белдеуіне бой үйрету үшін дайындықтарын Еурапада пысықтайды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров