Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасы: "Аякс"-"Тоттенхэм". Моура эффекті!

09.05.2019, 08:32
Жарнама
Жарнама
Финалда екі ағылшын клубы кездеседі.  "Аякс"-"Тоттенхэм" 2:3 "Йохан Кройфф-Арена" стадионы. Гол авторлары: де Лигт, 5 мин, Зиеш, 35 мин - Лукас Моура, 55, 59, 90+6 минуттарда. Бүгін тағы КАМБЭК! "Тоттенхэм" өз алаңында 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін сырт алаңда мүмкін еместей көрінген нəтиже көрсетті. Бірінші таймда сеңдей соғылып екі гол жіберіп алған. Бірақ екінші таймда ес жиып Лукас Моураның хет-тригінің арқасында финалға жолдаманы жұлып алды. Енді "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" финалда кім мықтыны анықтамақ. Естеріңізге сала кетейік, биылғы финал екі ағылшын клубы арасындағы тарихтағы екінші артық ойын болғалы тұр. Бұған дейін финалда "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" арасында өтіп, "қызыл сойқандар" ойын соңындағы пенальтиде басым түскен-ді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров