Қазақстан құрамасы мен "Аль-Айн" Араб клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан әлі де өз-өзін оқшаулауда, әзірге оның командасы БАӘ чемпионатын қашан жалғастыратыны әлі де белгісіз.Жергілікті футбол одағының басшылары оқиғаны дамытудың бірнеше нұсқасын ұсынды.
"БАӘ футбол одағының техникалық комитеті чемпионатты жалғастыру және ел кубогының финалын өткізу бойынша бірқатар сценарийлерді талқылайды. Чемпионаттың қалған жеті турын өткізу үшін үш түрлі мерзім қарастырылған:мамыр-маусым, маусым-шілде және тамыз-қыркүйек. Сонымен қатар, БАӘ чемпионаты мерзімінен бұрын аяқтауы да әбден мүмкін. Одан бөлек, чемпионаттың ең қымбат ойыншыларының жалақысын 40 пайызға төмендетіледі.
"Әл-Айн" БАӘ чемпионатының турнирлік кестесінде "Шабаб Аль-Ахли" ден 6 ұпайға қалып екінші орында келеді.Және де Бауыржан Исламханның клубы БАӘ-нің Президентінің кубогының финалында "Аль-Дафраға" қарсы өткізуі тиіс. Азия құрлығының Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойналмаған төрт ойыны тағы бар.
Естеріңізге сала кетейін, 27-жастағы жартылай қорғаушы "Аль-Айн" сапына 31-ші қаңтарда ауысқан болатын. Исламхан осы уақыт ішінде он ойын өткізіп бір гол салып,үш голдық пас беріп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET